Press releases

Ауруханада жаңа деңгейде ота сәтті өтті

19 Nov, 10:16
1 mins read
321
Ауруханада жаңа деңгейде ота сәтті өтті
МӘМС

“Абай“ Келес аудандық ауруханада заманауи видеоэндоскопиялық VISERA ELITE 3 (Жапония) медициналық жүйесімен толықты. Жоғары дәлдіктегі бұл эндоскопиялық құрылғы күрделі операцияларды тиімді, қауіпсіз және минималды инвазиялық тәсілмен орындауға мүмкіндік береді.

Жаңа аппараттың көмегімен МӘМС шеңберінде алғашқы операция облыстық мамандардың қатысуымен сәтті өтті.

Пациенттің диагнозы:

·         Жедел гангренозды калькулезді холецистит (ЖКБ)

·         Қосымша: кіндік жарығы

Жасалған операциялар:

·         Лапароскопиялық холецистэктомия

·         жарыққа ота жасау

·         Іш қуысына дренаж қою

Бұл жаңалық — аудандық медицина саласының дамуындағы маңызды қадам. Заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз ету тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, қызметтің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
21 November
20 November