NewsHub.kz - Информационный хаб

Брифинг: Дариядағы мұз Кіші Аралға жетті

20 Mar, 14:19
2 mins read
2478
Брифинг: Дариядағы мұз Кіші Аралға жетті
Қызылорда облысы ТЖД

 Брифинг: Дариядағы мұз Кіші Аралға жетті

 

         Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратық алаңында брифинг ұйымдастырылды.

         Тақырыптары: «Мереке кезінде күшейтілген кезекшіліктің өткізілуі жөнінде» және «Сырдария өзенінен мұздың қауіпсіз өткендігі туралы».

         Спикерлер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы; Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әбдешов Рауан Қырымұлы.

         Р.Қайрақбаев: «Ауа-райының күрт жылынуына байланысты 13 ақпан мен 20 наурыз аралығында Сырдария өзенінде сең жүрді. Осыған сәйкес Төтенше жағдайлар департаментімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Қала, аудандарда қауіпсіздік шаралары, кезекшіліктер ұйымдастырылды, Сырдария өзенінің арнасын реттеу және бақылау жұмысы  жүргізілді. Су басу қаупі бар елді мекендердегі тұрғындарға төтенше жағдайлардың және оның салдарының алдын алу бағытында 10 мыңға жуық үнпарақтар таратылды. Ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру үшін 61 эвакуациялық жинақтау, 71 эвакуациялық қабылдау пункті дайындыққа келтірілді. Сырдария өзенінің жағдайын бақылау мақсатында 7 рет әуеден мониторинг жасалды. 2025 жылғы 6-7 ақпанда «Көктем-2025» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. «Қазсушар» РМК филиалдарының өкілдерімен бірге Сырдария өзенінің  арнасындағы 10 су бекеті мен 4 су торабында су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың уақтылы және сапалы атқарылуына сәйкес 2025 жылғы су тасқыны кезеңі шығынсыз аяқталды. Қазіргі таңда Сырдария өзені мұздан толықтай тазарды. Дариядағы мұз Кіші Аралға жетті».

Брифингтің соңында журналистердің сұрақтарына жауап берілді.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
07 May
06 May