"Нацфонд — детям": казахстанцам поступили выплаты меньше обещанной суммы

Байқауға қатысуға шақырамыз

Байқауға қатысуға шақырамыз
newshub.kz

6 ақпанда Жетісу өңірінде өтетін қоғаммен байланыс мамандарының «Жетісу облысының үздік баспасөз хатшысы – 2023» атағы үшін облыстық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

«Жетісу облысының үздік баспасөз хатшысы – 2023» басқауына қатысу үшін https://newshub.kz/register сайтында «Баспасөз орталығы» айдарын таңдау арқылы тіркеліп, баспасөз қызметі кеңсесі арқылы электронды түрде өтініш беру керек.

Өтініштер 2023 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары 2023 жылдың 15-27 ақпаны аралығында Қазақстанның «NewsHub.kz» ақпараттық хабының сайтында дауыс беру арқылы анықталады.

Дауыс беруге аталған облыстың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (журналистер) қатысады.

2023 жылдың үздік аймақтық спикері БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас орнататын және ұйымының оң имиджін сәтті қалыптастыратын адам болуы мүмкін.

Байқаудың мақсаты – үздік PR мамандарын анықтау және марапаттау, саладағы кәсібилікті насихаттау, PR мамандарын кәсіби тәжірибе алмасу алаңымен қамтамасыз ету және PR мамандарына өз жұмысының сараптамалық бағасын алу мүмкіндігін беру.

Жеңімпаз 400 000 теңге сыйлығымен және байқау ұйымдастырушысының дипломымен марапатталады!

Байқау туралы толық ақпаратты NewsHub.kz сайтынан алуға болады

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
25 April
24 April