«Самұрық-Қазына» қоры игі істерді жалғастыруда. Қор жаңа жыл қарсаңында тағы да жаңа 5 инклюзияны қолдау кабинетін Астана қаласының балалары мен ата-аналарына тарту етеді.
Ерекше балаларға арналған бірегей, жаңашыл 5 кабинет елордада орналасқан № 90, № 65, № 61, № 32 және № 52 мектептерінде жұмысын бастайды. Қазіргі таңда аталған білім ордаларында жаңа кабинеттерді жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы Астана қаласында 5 және Ақмола облысында 4 инклюзияны қолдау кабинеттерін қолданысқа берген болатын.