Таеквондист Батырхан Толеугали вышел в полуфинал олимпийского отбора

Студенттер МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады

3 hours ago
1 mins read
54
Студенттер МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады
МӘМС

Түркістанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Ислам Боранбекұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің бітіруші түлектерімен кездесіп, студенттердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесін алу тәртібі жөнінде кеңес берді.

Сарапшының айтуынша, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер халықтың жеңілдік берілген санатына кіреді. Бұл санаттағы азаматтар үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді.

«Күндізгі бөлімде оқитын студенттер МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Олар жұмысқа орналасқан жағдайда да, жұмыс беруші тарапынан жарна төлеу талап етілмейді», — деді Ислам Боранбекұлы.

Егер студенттің МӘМС жүйесінде «сақтандырылмаған» мәртебесі көрінсе, ол өз оқу орнының деканатына немесе жауапты мамандарына өтініш беріп, Ұлттық білім беру дерекқорына (ҰБДБ) деректерінің дұрыс енгізілгенін тексеруі керек. Қате енгізілген ақпарат студенттің жеңілдік мәртебесін алмай қалуына әсер етуі мүмкін.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған студенттерге кеңейтілген медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Олардың қатарында:

  • бейінді мамандардың консультациясы;

  • зертханалық және диагностика қызметтері (УДЗ, КТ, МРТ және т.б.);

  • жоспарлы стационарлық ем;

  • күрделі операциялар;

  • қымбат зерттеулер мен ем-шаралар.

Сарапшы студенттерді өздерінің сақтандыру мәртебесін жүйелі түрде тексеріп отыруға және қажет болған жағдайда оқу орнына жүгінуге шақырды.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday