В Кыргызстане объявили в розыск президента федерации бокса Карагандинской области

Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Today, 12:46
1 mins read
179
Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

 

         2025 жылдың 20 қарашасында  Қызылорда облысы ТЖД-не «Дабыл-1001», «Қарғын-2002» шартты белгісі қабылданып, ол туралы облыстың басқару органдарына жеткізілді.

         Сол күні сағат 15:00-де Арал ауданы әкімінің аппаратының ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлының, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлының және облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.

         Жиынның барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындықтары сарапқа салынды. Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сыдықов Айдос Мұратұлының жаттығуды өткізуге дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.

         Жиынды Қызылорда облысының ТЖ департаментінің бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы қорытындылады.

        

Қызылорда облысы ТЖД

        

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today

Last News

Yesterday