NewsHub.kz - Информационный хаб

Жетісуда тексерістерден кейін 125-тен астам мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

an hour ago
1 mins read
123
Жетісуда тексерістерден кейін 125-тен астам мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді
Фото: открытые источники

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау – жұмыс бағыттарының негізгі басымдықтарының бірі.

Мемлекеттік бақылау аясында департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Тексерістер нәтижесінде заңнама бұзушылықтары анықталады, олардың қатарында негізсіз бас тартулар, өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталмауы және қабылданған шешімдердің жеткілікті деңгейде негізделмеуі бар.

Ағымдағы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде 125-тен астам мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту», сондай-ақ «Медициналық ұйымға тіркелу» сияқты мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтардың өтініштері белгіленген мерзімде қаралмаған немесе жауаптар уақытылы берілмеген жағдайлар тіркелген.

Департаменттің араласуынан кейін барлық өтініштер қаралып, өтініш берушілерге тиісті жауаптар жолданды.

Мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдарға ішкі бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар жіберілді.

Мемлекеттік қызмет алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 75 мекенжайы бойынша, немесе 8 (7282) 24-11-91 телефоны арқылы жүгіне алады.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today