Ағымдағы жылдың 22 мамыр – 10 маусым күндері аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» факультетінің 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінде өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибеден өту барысында студенттер мемлекеттік органның негізгі қызмет бағыттары, құжаттардың рәсімделуі, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар мен олардың міндеттері және мемлекеттік қызметті өткерудің бағыттарымен танысты.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында, Департамент басшысы Қ. Манап студенттермен кездесу өткізіп, оқу орнын мемлекеттік грантпен үздік бітірген, оқуда жоғары көрсеткіштерге (GPA 3,33-ден жоғары) жеткен түлектер аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алатынын баса айтты. Кездесу барысында қатысушылар арасында белсенді диалог болды. Барлық сұрақтарға жауаптар беріліп. Осы тақырыпқа қатысқан студенттер жоғары қызығушылық танытты.