Неустойчивая погода ожидается в Казахстане

Жетісу облысы мемлекеттік қызметшілері арасында алғашқы спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

30 мая 2023, 17:24
1 мин. чтения
780
Жетісу облысы мемлекеттік қызметшілері арасында алғашқы спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Бүгін 2023 жылдың 30 мамыр күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» cпорт сарайында 23 маусым «Мемлекеттік қызметші күніне» орай Жетісу облысы мемлекеттік қызметшілері арасында I Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған спартакиадаға, өңірдің 8 аудан мен 2 қаласының мемлекеттік қызметшілері, облыс әкімдігі, сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.

Жарыстар 7 спорт түрлері бойынша: тоғызқұмалақ, бильярд, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, үстел теннисі, жүзу ойындары «Жастар», «Жастар-2» спорт сарайында және «Талдықорған орталық бассейнінде» өтеді. Спартакиада екі күнге созылып, қорытындысы 31 мамыр белгілі болады

Айта кетсек, жалпы Жетісу облысында бүгінде 3339-ге жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, олардың 20% астамы 29 жасқа дейінгі жастар, Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40.

Бұл іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера