Продолжается ликвидация последствий паводков: эвакуировано 102 328 человек

Нан зауытына арнайы экскурсия

31 мая 2023, 14:07
2 мин. чтения
460
Нан  зауытына арнайы экскурсия

Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар. Ата-бабамыз сәбиі ақ пен қараны ажырата бастағаннан-ақ оң қолына нан ұстауды, ысырап етпей құрметтеуді үйреткен.  Адам кез келген тамақты екі күн жесе, қанша нәрлі болғанымен жалығады. Ал наннан өмір бойы шықпайды. Алдымызда нан тұрмаса көңіліміз де, дастарханымыз да орта. Берекеміз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді көрінеді. Сондықтан халқымызда «Нанды жерге тас¬тама», «Нанның үстіне зат қойма», «Нанды төңкерме», «Нанды бір қолыңмен үзбе» деген тиымдар бар. Таң қаларлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жүзімнің, жуаның, сұлының, тағы басқалардың. Бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Бұны Алланың адамзатқа берген тікелей сыйы деп түсінуге болады. Үйге келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ, бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарханның үстіне қойған нан арқылы нығая түседі. Нан ауыз тиген үйге қазақ жамандық тілемеген. «Бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтініміз де осыдан.

Бүгін ағымдағы мамыр айының 31 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының ұйымдастыруымен Үштөбе қаласының № 51 «С. Морозов» атындағы орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары ұстаздары Тұрсынбекова Гүлмира Бейсенқызы, аудандық филиалдың директоры Құсайынов Фархатпен бірге Үштөбе қаласындағы «ОРСК» нан зауытына арнайы экскурсияға барып нан өнімдерін өндіретін кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен танысып, заманауи өндірістің не екенін көзбен көріп қайтты. Жас қонақтарға экскурсияны  Рахат Исләмқызы жүргізді.

  Сөз соңында айтпағым жастарымыз жаратқанның адам баласына сыйлаған ең ардақты тартуы наның қасиетін бойларына сіңіріп ертеңге жеткізсе деген үміт біздікі.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
14 апреля
13 апреля