Статьи

Кентауда қалқанша безіне ота жасалды

06 июня 2023, 06:50
1 мин. чтения
882
Кентауда  қалқанша  безіне  ота  жасалды
МӘМС

1951 жылғы науқас Кентау қалалық орталық ауруханасына 31 мамыр куні шағыммен түсті. Тиісті тексерулерден соң, дәрігер науқасқа ота жасауды жоспарлады.

Кентау қалалық орталық ауруханасында қалқанша безіне көрсеткіштеріне қарай алғашқы ота МӘМС есебінен жасалды. Отаны хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Ж.Оразбаков, және ХҚТУ-нің жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Н.Тулежанов жасады.

Жалпы тиреоэктомия (тиреоидэктомия) - бұл негізінен қалқанша безінің ісіктері бар науқастарды квалификациялайтын күрделі процедура. Бұл процедураның көрсеткіштері де түйінді құрылыммен сипатталатын зоб, Хашимото ауруы кезінде кейбір зоб және қайталанатын зоб болып жіктеледі. Жалпы, тиреоидэктомия Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жоғары білікті мекемелерде жасалатын ота. Десек те, МӘМС жүйесі есебінен Кентау қалалық орталық ауруханасында тиреоидэктомия жасату қолжетімді.

Қалалық орталық ауруханада ота сәтті өтті. Алдағы уақытта аурухана бұл отамен тұрақты айналысатын болады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

22 августа