По автодорогам Жетісу курсируют патрульные группы предупреждая дтп с участием мопедов и скутеров

МӘМС есебінен ота жасалды

09 авг. 2023, 12:01
1 мин. чтения
1315
МӘМС  есебінен ота жасалды
МӘМС

Түркістан облыстық балалар ауруханасына науқас С.Альтаир тіл қозғалысының шектелуіне байланысты жүгінген болатын. Нәтижесінде, науқасқа жоспарлы  кіші операциясы тағайындалып, МӘМС есебінен ота жасалды.

Отаны Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар бет - жақ хирургі Асқат Туяқбаев жасады. Эндотрахеальді анестезия кезінде артық еттер кесіліп, тіл бұлшық еті босатылды.Тіл қозғалысының шектелуі жойылды.

Аталмыш операцияны жасаудың негізгі себебі тілдің дұрыс жұмыс істемеуі немесе жеткіліксіздігі. Егер, тіл астындағы артық еттер алынбаса баланың қалыпты тамақтануы қиынға соғады және сөйлеуде қиындықтар туындайды, тіл толық қозғала алмайды, дыбыстардың дұрыс айтылмауын тудырады.

-Ұлымды операция бөлмесінен палатаға әкелгенше қатты уайымдап, жылап алдым. Себебі, баламның денсаулығында ерекшелік бар еді. Операция бөлмесіндегі танымайтын бөтен адамдардан шошынып қалады ма деп уайымдадым.

Бір сағатқа жетпей ұлымды палатаға медбикелер әкеліп берді.Ұлым басында қиналып жылады. Ота өткеннен соң, бірер сағаттарда дым болмағандай ойнап кетті.

Қолының жеңілдігінен және өз мамандығының шебері, әрі мықты хирургтарының  бірі  Асқат  Әбдіманапұлына  шынайы  алғысымды білдіремін – деді, науқастың анасы.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера

Последние новости

17 сентября