Ғасырлық тарихы бар облыстық клиникалық ауруханасының физиотерапия бөлімшесінде алғашында бір ғана кабинетте науқастарға қызмет көрсетілген болатын. Бүгінде бөлімше заманауи құралдармен жабдықталып, жарықпен емдеу, сәулемен емдеу, электртогымен емдеу, магнитотерапия, лазермен емдеу, жылумен емдеу, тракциялық созу, су асты созу, ішек жолдарын аппаратты тазарту, массаж қызметтері қалтқысыз қызмет көрсетіп жатыр. Бөлімшеде науқастар МӘМС жүйесі және кепілдендірілген тегін көмекпен қатар ақылы түрде де ем алуға мүмкіндіктері бар.
Арқаның ауырсынуы - қазіргі кезде науқастар арасында кенінен тараған, жиі кездесетін аурулардың бірі. Жалпы, ұзақ уақыт қимылсыз бір қалыпта отыру, артық салмақ, зат алмасудың гормональды бұзылыстары, адинамия паравертебралды омыртқа жаны бұлшық еттерінің әлсіздігіне алып келеді. Негізгі медикаментозды емге қосымша омыртқаны су асты созу әдісін қоса емдегенде жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Осы ретте, облыстық клиникалық арухананың физиотерапия бөлімшеснде омыртқа жотасын емдеуде қолданылатын созу әдістерінің барлық түрі бар. Атап өтерлігі:
- омыртқаны су асты созу;
- омыртқаны құрғақ созу
- компьютерлі омыртқаны құрғақ созу
Омыртқаны су астында созу немесе тракциялық терапия - бұл тірек-қимыл аппаратын емдеудің ең тиімді әдісі. Омыртқаны су астында созу кезіндегі емдік әсер пациентке жалпы бұлау мен тракцияның үйлескен бір мезеттегі әсер етуімен беріледі. Омыртқаны су астында созу омыртқаның бел аумағына анағұрлым күшті әсер етеді. Омыртқаны су асты созу пациентті аппаратқа жатқызып кеуденің жоғарғы бөлігін бекітіп, науқасты 36-37С суға жатқызып жамбас аумағына салмақ беру арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде, бұлшықет тонусы төмендеп, бел омыртқасының жүйке тамырларының қысылуы азайтылады.Судың астында омыртқа жотасына салмақ түспейді созудың әсерінен науқастардың көпшілігінде түбіршіктік ауырсынулар бірден тоқтайды.
Әдістеменің мәні су астында созу арқылы омыртқаны тарту барысында омыртқа тартылып омыртқа аралық кеңістік пайда болады. Кеңістікке сұйықтық кіріп омыртқа дискілерінің дұрыс нәрленіп қоректенуін қамтамасыз етеді. Осы механизімнің салдарынан омыртқа дискілерінің трофикасы жақсарып қалпына келуіне ықпал жасалынады. Созу кезінде жарықтар омыртқада пайда болған вакум тартқыш эффектісінің әсерінен ішке қарай тартылып қысылып тұрған нерв талшықтары босансып ауырсыну синдромдары жойылады.
Омыртқаны су астымен тартуға науқаста остеохондроз, омыртқаның бел-сегізкөз бөлімі дисклерінің жарығы, радикулопатия, сколиоз және спондилозды деформациялар көрсеткіштері болуы керек.
Омыртқаның көлденең тартылу күші физиологиялық. Сондықтан жүктеме дәрежесіне қарай оңай дозаланады және науқастар үшін қауіпсіз болады.
Басқа ем-шаралар сияқты су асты созу барысында қарсы көрсеткіштер де кездеседі. Егер, науқаста аурудың өткір сатысы, жұлын қан айналымының бұзылуы, омыртқаның сынуы, остеопороз, 60 жастан асқан немесе жүктілік кезеңде болса, гидро-бальнеотерапияға қарсы көрсеткіші бар жағдайлар, ісік ауруларына шалдықса, онда омыртқаны су астымен тарту ем-шарасы тағайындалмайды.