Өңештің, асқазанның және он екі елі ішектің, жіңішке және тоқ ішектің контрастпен рентгеноскопиясы облыстық клиникалық аурухананың №1 емханасының №27 кабинетінде жүргізіледі. Тексеру пациенттерге сағат 8:30-дан сағат 12:00-ге дейін аш қарынға жүргізіледі. Зерттеуден бір күн бурың кешкі ас сағат 18:00 – ден кешіктірмей жеңіл болуы керек. Рентгенологиялық зерттеу, қорытындыны алуымен бірге 20-30 минутты құрайды. Науқас барий сульфатының сулы ерітіндісін қабылдайды бұл рентгендік контрастты зат болып табылады. Барий суспензиясы сіңірілмейді және 24 сағаттан кейін ішек арқылы өзгеріссіз шығарылады. Рентгеноскопияға, әдетте, емдеуден кейін бақылау үшін асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары бар, онкологиялық ауруларға күдікті науқастар жіберіледі. Сонымен бірге ішінде пациенттер өңеш немесе асқазан резекция операциясынан кейінгі кезеңде жіберіледі. МАЖ бойынша жолдама болған жағдайда тексеру МӘМС шеңберінде жүргізіледі.