Медициналық ұйымдар деңгейінде шағымдарымен айналысатын және қажет болған жағдайда пациенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайтын қызмет көзделген. Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметін тұтастай үйлестіреді. Ол пациенттердің проблемаларын қарастырып, шешіп қана қоймай, сонымен қатар өз кадрларын, жабдықтарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, ТМККК және МӘМС көрсету ережелерін сақтауды тексереді, ақаулардың алдын алу және жою бойынша жұмыс жүргізеді, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді.
ҚР ДСМ 03.12.2020ж. №230 бұйрығына сәйкес, «Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» және «Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 04.01.2023ж. ТО ДСБ «Облыстық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК басшысының бұйрығымен Ішкі аудит және пациентті қолдау қызметі (ПҚҚ) құрылды. Қызмет құрамында басшының орынбасарлары, дәрігер сарапшылар, заңгер, клиникалық фармаколог, эпидемиолог, бейінді мамандар бар. Пациенттерді қолдау қызметі өтініштер мен шағымдарды қарайды, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеумен айналысады. Көбінесе пациент дұрыс ақпарат алмағандықтан немесе көрсетілген көмекке қанағаттанбайды. Азаматтар қайда жүгіну керектігін және қажетті көмек алуды білмеген кезде жалпы сұрақтар жиі туындайды. Қызмет қолдау қызметкері қажет болған жағдайда науқасқа түсіндіреді, сүйемелдейді.
Мысалы, 1992 жылы туған науқас пациентті қолдау қызметіне маманның консультациясына жолдамасының барына қарамастан қабылдамай жатқаны жөнінде шағымданған болатын. Сарапшы мамандары науқастың жолдамасында дәрігердің қабылдау күні мен уақыты көрсетілмегенің анықтады. Жалпы, дәрігердін қабылдауы КМАЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Науқастың жүктілігі және шалғай аймақтан келуін ескере келе тиісті маман қабылдады.
Ал, емдеуші дәрігер 1975 жылы туған науқастың жай-күйі жөнінде туыстарына толық түсіндірмеген.Сарапшылар бөлімше меңгерушісімен науқастың туыстарын кездестіріп, түсініктеме берілді, әріпациенттің жай-күйі тұрақты бақылауға алынды.