Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, медициналық қызметтер сапасының сараптамасына басымдық берілген. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен дер кезінде бағалауға мүмкіндік береді.
-Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады.
-Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады.
Жалпы, пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, әрі науқаспен кері байланыс орнату. Яғни, науқастардан түскен өтініштер мен шағымдарды қарау, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеу міндетін атқарады.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне төмендегі жағдайларда хабарласуға болады.
✔егер пациенттен шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе;
✔егер учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса; ✔учаскелік дәрігер, медбике немесе фельдшер пациенттің денсаулық жағдайына байланысты үйге шақырту қызметін көрсетпесе;
✔егер пациент бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсе, мәселен қажетті дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болса;
✔науқастың денсаулық көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе;
✔жүргізілген тексеру нәтижелерімен науқасты таныстырмаса;
✔дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса;
✔пациент көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаса;
✔егер пациент диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болса;
✔науқас өзіңізінің медициналық жазбаларыңда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болса;
✔медициналық ұйымға және қызметкердің қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне жүгінуге болады.
Айта кетерлігі, пациенттің қолдау қызметі көптеген жағдайларды жазбаша өтініш беруді қажет етпестен, дер кезінде шешуге тырысады.
Осы ретте, Отырар аудандық орталық емханасының екінші қабаттағы №236 кабинетте пациентті қолдау және ішкі бақылау бөлімі жұмыс жасап жасайтының еске саламыз. Бөлім басшысы Тулепов Ербол Сейілханұлы (+7(705)255-77-99) және сарапшы Байназаров Жасұлан Бақытжанұлы (+7(771)978-34-40) науқастардан түскен өтініш-тілектерді тиісті деңгейде қарастырып, шешімін табуына ықпал етеді.
Жыл басынан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ CRM 2 желісі арқылы 6, ал Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 1305 бірыңғай байланыс орталығынан 7 шағым түсті. Түскен шағымдар дер кезінде қаралып, медициналық көмектің сапасын жақсартуға септігін тигізіп жатыр.