Очередной схрон с оружием и боеприпасами найден в Жетісу

Қормен шарт жасау және ақы төлеу цифрландырылады

12 сент. 2023, 07:02
2 мин. чтения
1073
Қормен шарт жасау және ақы төлеу цифрландырылады
МӘМС

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шарттар жасасу және жүргізу процестері көрсетілген медициналық көмек көлемі үшін ақы төлеу барысында ашықтықты қамтамасыз ету үшін цифрландыру жұмысы қолға алынды. Бұл жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде барлық негізгі процестерді цифрландыру бойынша жобаны іске асыру барысы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 19 сәуірдегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы бойынша Қорда Денсаулық сақтау министрлігінің шашыраңқы ақпараттық жүйелерінен төлем функционалын ауыстыруды ескере отырып, шарттар жасасу және жүргізу процестерін цифрландыру, мониторинг, медициналық көмекке ақы төлеу жөніндегі «Е-Денсаулық» бірыңғай цифрлық платформасы шеңберінде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жүйесін дамыту жобасы басталды.

Бұл жобаға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мамандары, Цифрлық даму министрліг, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының сарапшылары мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығының мамандары жұмылдырылды.

«Жалпы, жоба өте күрделі, ауқымды, әрі өте қысқа мерзімге белгіленген. Бірінші кезең – пилоттық және тәжірибелік пайдалануға беру мерзімімен төлем блогын әзірлеу – 2024 жыл. Екінші кезең –медициналық көмекті жоспарлау, болжау және тариф белгілеу процестерін цифрландыру 2025 жылға жоспарланған», - деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар сала сарапшыларының қатысуымен өтті.  Айта кетерлігі, Қор басқармасының төрағасы Сәбит Ахметов  аймақтарға барып, проблемаларды анықтау және жергілікті жағдайды көру үшін медицина қауымдастығымен кездесті. Әр жұмыс сапарының қорытындысы бойынша оңтайлы шешу жолдары әзірленіп, ұсыныстар айтылып, уәкілетті органның қарауына жолданды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня

Последние новости

Вчера
06 сентября
05 сентября