Интервью. Мнения

Президенттік жастар кадр резерві - білімді жастар үшін әлеуметтік лифт

02 окт. 2023, 12:07
2 мин. чтения
664
Президенттік жастар  кадр резерві - білімді жастар үшін әлеуметтік лифт
МҚІА Жетісу облысы бойынша департаменті

Қазір еліміздегі жастар арасында Президенттік жастар кадр резерві жобасы аса танымал болып тұр. 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба түрлі салада жұмыс істеп жүрген талантты жастардың мемлекеттік қызметте өзін жан-жақты көрсетуіне жол ашқан болатын. Жоба алғаш рет қолға алынған жылы резервке ұзын саны 300-ге жететін білікті жастар іріктелініп алынды. Ал одан кейінгі 2021 жылғы екінші кезеңде 35 жасқа дейінгі 50 маман Президенттік жастар кадр резерві қорын толықтырған-ды. Биыл іріктеудің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл жолы да жобаны үйлестірушілер 50 жасты кадрлық резервке алуды көздеп отыр. Бүгінде Президенттік жастар кадр резерві жобасын көптеген адамдар жастардың мемлекеттік басқару саласында талапты жастардың сатылап өсуін қамтамасыз ететін механизм деп қабылдайтынын білеміз.

Жобада барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашу мақсаты көзделген.

Мәселен, жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадр резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралады.

Бұл ретте Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Соңғы халықаралық зерттеулерге назар аударатын болсақ, қазіргі Z ұрпақ (жас буын) жұмысқа орналасқанда мансапта өсу, жалақыдан бұрын мекемедегі құндылықтар мен жұмыс принциптеріне баса мән беретінін байқауға болады. Сондықтан жастардың қызметке деген талғамы да өзгеріп келеді. Бүгінгі жастар қоғаммен қарым-қатынасты әділетті, ашық, қолжетімді қылатын машықтарды бойына жинақтаған. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет те адамға қызмет етуге, сервистік үлгіге қарай ауысып келеді.

Президенттік жастар кадр резервін құру – заман талабы. Кадрлық әлеуетті тиімді қолданудың бұл тәсілі халқымыздың ертеңгі сенімін арттырып, өте орынды қабылданған шешім деп білеміз. Ұрпағымыз үшін жасалып жатқан ұлағатты жұмыс өз жемісін береді деп сенеміз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А. Бейсбеков

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
09 мая
08 мая
07 мая
06 мая