Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Агенттіктің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары А. Мейрханова және Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы С. Тараков Жетісу облысы әкімдігі, Жетісу облыстық мәслихаты аппараты, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы персоналды басқару қызметкерлеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидалары бойынша семинар өткізді.
Мәлімет үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасын іске асыру мақсатында Агенттіктің 2023 жылғы 29 тамыздағы №176 бұйрығымен Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының аракатынасын айқындау қағидалары бекітілді.
Осы Қағидалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар өз құрылымдарын және штаттық кестелерін Қағидаларға сәйкес болу керектігі түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушыларға қызықтырған сұрақтарға түсініктемелер беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.