1 маусымнан МӘМС бойынша консультациялар 1414 арқылы беріледі

Жетісу облысында барымташылар ұрлап әкеткен мал ауыл тұрғындарына қайтарылуда

12 Apr 2023, 12:34
1 mins read
1054
Жетісу облысында барымташылар ұрлап әкеткен мал ауыл тұрғындарына қайтарылуда

Соңғы факт Кербұлақ ауданында тіркелді, онда полиция ауылдасынан үш асыл тұқымды бұзауды ұрлаған жергілікті такси жүргізушісін ұстады. Ер адам қамауға алынды.

6 сәуірде аудандық полицияға Аралтөбе ауылының кәсіпкері жабық қорадан үш асыл тұқымды бұзау ұрланғаны туралы арызданды. Бірнеше күннен кейін жақын маңдағы елді мекендер арасында жеке тасымалдаумен айналысқан 33 жастағы ер адам мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

«Күдікті сатып жіберген, ұрланған мал көршілес екі ауылдан табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазір соттың санкциясымен ұсталған азамат қамауға алынды», - деді Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Ербол Ахметқалиев.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің  188-1-бабына (мал ұрлығы) сәйкес жүргізіледі.

Жалпы, жыл басынан бері полиция өңір тұрғындарына бұрын ұрланған 45 малды тауып, қайтара алды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
12 September
11 September
10 September