КГД предупредил о штрафах за незаконную работу такси

2024 жылы бірыңғай жиынтық төлем болмайды

08 нояб. 2023, 10:01
3 мин. чтения
2465
2024 жылы  бірыңғай  жиынтық  төлем  болмайды
МӘМС

Келесі жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алынып тасталуына байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС жүйесіне төлемдерді төлеу тәртібіне қатысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаевтан сұрап білген болатынбыз. 

-БЖТ қашан және қандай мақсатпен енгізілді?

-Бірыңғай жиынтық төлемін алып тастау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шешімі емес. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін) уақытша енгізілген еді әрі оны тек басқа жеке тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін сататын және қызметтер көрсететін жылдық табысы 1175 айлық есептік көрсеткіштен аспағандар төлейді. Басқа жағдайда бұл төлемді пайдалануға болмайды. Бүгінде бұл норманы жұмыссыз әрі тұрақты жұмысы жоқ азаматтар, бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерді алу үшін жүкті әйелдер пайдаланып келеді.

Бірыңғай жиынтық төлем республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемін және басқа елді мекендердің азаматтары үшін 0,5 АЕК құрайды. Яғни, биыл БЖТ мөлшері тиісінше 3 450 теңге және 1725 теңге.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеуші ретінде тіркелудің артықшылығы өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмайды. Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірыңғай жиынтық төлемнің бір айын уақытылы төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айрылады. Сондықтан ай сайын төлем уақытын өткізіп алмау маңызды немесе алдағы кезеңдерге алдын ала төлем жасау керек.

-Келесі жылы БЖТ болмаса, басқа төлем түрі енгізіледі ме?

-БЖТ төлеген азаматтар әрі қарай дербес төлеуші ретінде төлем жасай алады (2023 жылы – 3500 теңге). Осы жерде ескеретін жайт, азаматтардың сақтандырылған мәртебесі болуы үшін, МӘМС туралы заңға сәйкес, 12 айға төлемі болуға тиіс. Егер БЖТ төлеушілердің өткен 1 жылға төлемі болса, 2024 жылдан бастап әр ай сайын дербес төлеуші ретінде төлем жасай алады. Ал толық 12 айға төлем жасалмаса, мысалы ағымдағы жылы 7 айға төлемі болса, азаматтар төленбеген 5 айға дербес төлеуші ретінде әр айға 3500 теңгеден төлеп шыға алады. Келесі жылдан бастап ай сайын жарна төлей береді. Ал ағымдағы жылы 3-4 айға БЖТ төлеген адамдарға алдағы 12 айға төлем жасап, 1 жылға алдын ала сақтандырылған мәртебесін алған тиімді.

Тұрақты табысы жоқ ауыл тұрғындарының МӘМС жүйесінен тыс қалу қаупі бар. Қазір осыған байланысты ауылдық аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әзірше, азаматтар алдағы жарты жылда БЖТ-ны төлей береді. 2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе дербес төлеуші ретінде жарна төлегені жөн.

Төлем Қазақстанның кез келген банкінде, банктердің мобильді қосымшалары арқылы және «Қазпошта» бөлімшелерінде қабылданады. Төлем жасау кезінде ақша аударылатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін, төлем жасалатын айды көрсету керек.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня