На президентских выборах в Узбекистане явка превысила 80 процентов

36 жастағы жүкті әйелге күрделі ота жасалды

Сегодня, 11:37
1 мин. чтения
96
36 жастағы жүкті әйелге күрделі ота жасалды
МӘМС

Түркістан қаласында облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері 36 жастағы жүкті әйелге МӘМС есебінен күрделі ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды.

Жүкті әйел жүктіліктің 34 аптасында бірнеше қауіпті диагнозбен перинаталдық орталыққа жеткізілген. Тексеру барысында бала жолдасының жатыр және қуық қабырғасына ене өсуі, жатыр тыртығы, кіндік бауының ұрық мойнына бір рет оралуы және гестациялық гипертензия анықталды. Бұл жағдайлар акушерлік тәжірибеде сирек кездесетін әрі аса қауіпті асқыну – “Placenta percreta PAS III” диагнозына әкелген.

Мұндай диагноз кезінде қан кету қаупі өте жоғары болып, ана мен бала өміріне төнген қатер бірнеше есе артады. Дәрігерлер жедел түрде консилиум өткізіп, науқасқа шұғыл кесар тілігі арқылы ота жасау туралы шешім қабылдады.

Күрделі операция нәтижесінде сәби дүниеге аман-есен келді. Перинаталдық орталық дәрігерлерінің кәсібилігі мен командалық жұмысының арқасында анаға да тиісті көмек дер кезінде көрсетіліп, босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды.

Қазіргі таңда ана мен бала жағдайы қанағаттанарлық, екеуі де үйіне шығарылды.

Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүкті әйелдердің уақытылы тіркеліп, барлық жоспарлы тексерулерден өтіп, дәрігердің кеңесін қатаң сақтауын ескертеді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня