Двухэтажное кафе сгорело в Алматы

65 212 968 теңге дауы бітімгершілікпен аяқталды

06 апр. 2023, 13:05
1 мин. чтения
1131
65 212 968 теңге дауы бітімгершілікпен аяқталды

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы ЖШС М-ның жауапкер А-ға қатысты қарызды өндіру  туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.

26.07.2021 жылы талап қоюшы ЖШС «М» жауапкер А-мен араларында алдын-ала  пәтерді сатып алу-сату шарты және автотұрақ орнын сату келісім-шарты жасалған.  Келісім-шарттың 1.4. тармағының негізінде жауапкердің талап қоюшының алдындағы қаржылық міндеттемелерінің жалпы сомасы 71 919 968 теңге.

Алайда, жауапкер А. бүгінгі күнге дейін қарыздың 6 000 000 теңгесін өтеген. Көрсетілген тармақшаларға сәйкес, келісім-шарт уақытылы және толық  орындалмауына байланысты, талап қоюшы ЖШС «М» талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Азаматтық істі талқылау барысында тараптар дау бойынша татуласу келісіміне келді. Келісім бойынша талап қоюшы ЖШС «М» талап қоюдан бас тартады, ал жауапкер А. талап қоюшы пайдасына 65 212 968 теңгені 2023 жылдың 01 мамырына дейін төлеуге міндеттелді.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.                

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

22 августа