Европарламент запретил наличные платежи свыше 10 тысяч евро

Аймақтық кардиохирургиялық орталық ашылады

Сегодня, 04:58
2 мин. чтения
147
Аймақтық кардиохирургиялық орталық ашылады
МӘМС

Түркістан облысында балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға қажетті медициналық көмек тегін көрсетіледі. Алдағы уақытта оңтүстік өңірде балалар кардиохирургиясы саласындағы медициналық көмекті одан әрі дамыту мақсатында аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарлануда.

Бұл туралы Түркістан облыстық балалар ауруханасы басшысының орынбасары, денсаулық сақтау магистрі, жоғары санатты балалар хирургі Сұлтаңғали Сарыбай мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, кардиохирургиялық орталықты жыл соңына дейін іске қосу көзделіп отыр. Негізгі мақсат – жүрек ақауымен дүниеге келген нәрестелер мен кардиохирургиялық көмекке мұқтаж балаларға медициналық көмекті өз өңірінде қолжетімді ету.

Бүгінде облыстық балалар ауруханасында онкогематология және нефрология бөлімдерімен қатар, торакалды хирургия, іріңді хирургия, балалар кардиохирургиясы, балалар кеуде хирургиясы, жақ-бет хирургиясы, ортопедия-онкология және неонаталдық хирургия бағыттары бойынша медициналық көмек көрсетіледі.

Неонаталдық хирургия бөлімі жаңа туған нәрестелердегі туа біткен ақауларды емдеуге маманданған. Мұнда Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан келген кішкентай пациенттерге медициналық көмек көрсетіледі.

Аурухана заманауи медициналық технологиялармен жабдықталған. Мамандар жаңа туған нәрестелерге қажетті жағдайларда аз инвазивті, яғни үлкен тілік жасамай, шағын тесіктер арқылы эндовидеохирургиялық құрылғылардың көмегімен операциялар жүргізеді. Мұндай әдістер балалардың операциядан кейінгі кезеңін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

МӘМС жүйесі аясында 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қажетті медициналық көмек қолжетімді әрі тегін көрсетіледі. Ал жаңа аймақтық кардиохирургиялық орталықтың ашылуы Түркістан, Шымкент, Қызылорда және Жамбыл өңірлерінен келетін кішкентай пациенттерге жоғары білікті кардиохирургиялық көмекті уақытылы алуға мүмкіндік бермек.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера