В Facebook и YouTube вернулся Дональд Трамп

Алғаш рет жүрек құрылғысы имплантацияланды

08 авг. 2025, 05:33
1 мин. чтения
997
Алғаш рет жүрек құрылғысы имплантацияланды
МӘМС

Түркістан облысында алғаш рет жоғары технологиялы медициналық көмектің жаңа деңгейі – екіқарыншалық кардиовертер-дефибриллятор (CRT-D) құрылғысын жүрекке имплантациялау сәтті жүзеге асты. Жүрек қызметі күрт әлсіреген 71 жастағы науқасқа жасалған ота Түркістан қалалық орталық ауруханасында өтті.

Жүрек ырғағы бұзылып, кенеттен жүрек тоқтау қаупі жоғары болған пациентке «дилатациялық кардиомиопатия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» диагнозы қойылған. Медициналық көрсеткіштерге сәйкес, жүрек ырғағын тұрақтандыру және сорғылық функциясын жақсарту мақсатында CRT-D құрылғысын имплантациялау шешімі қабылданды.

Ота интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Б. Усманов пен интервенционды кардиолог Ж. Жалиловтың қатысуымен сәтті өтті. CRT-D құрылғысы жүректің екі қарыншасының жұмысын үйлестіріп, ырғағын реттейді. Бұл жүрек өлімі қаупін азайтып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аталған күрделі операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың, сондай-ақ өңір тұрғындарына жоғары технологиялы медициналық көмектің қолжетімділігінің нақты көрінісі.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, оңалту емін жалғастыруда.

Аурухана басшысы Б. Берденовтың айтуынша, бұл операция – Түркістан өңірінде интервенциялық кардиологияны дамытудың маңызды кезеңі. Болашақта мұндай жоғары технологиялы оталар жиілеп, жүрек аурулары бар азаматтарға сапалы әрі дер кезінде көмек көрсету мүмкіндігі кеңеймек.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Последние новости

23 февраля
22 февраля
21 февраля
20 февраля