Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Түркістан қалалық орталық ауруханасында алғаш рет 62 жастағы пациентке тізе буының протездеу отасы сәтті жасалды. Науқасты ұзақ жылдар бойы IV дәрежелі деформацияланған тізе буынының артрозы мазалаған.
Тізе буынының эндопротезі – буын ауруларын хирургиялық емдеудің ең заманауи әдістерінің бірі. Яғни, ауру немесе жарақат салдарынан тозған буынның орнына, қозғалыстың барлық көлемін орындауға мүмкіндік беретін жасанды протездерге ( импланттарға) ауыстыру. Бұрын аталмыш ота түрлері басқа мекемелерде жүргізілген, енді травматологиялық көмектің осы әдісін Түркістан қалалық орталық ауруханасының базасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ақысыз алуға болады.
Эндопротездеу отасы аурудың күрделілігіне байланысты кесуден протезді орнатуға дейін шамамен 1,5 - 2 сағатқа созылады. Отаға АҚШ – та өндірілген титан қорытпасынан жасалған заманауи эндопротезі қолданылды. Бұл эндопротез адам ағзасында жоғары беріктікке және өміршеңдікке ие.
Аурухана дәрігерлерінің жаңа емдеу әдістерін игеруі мен кәсібилігінің арқасында мүгедектік қаупі төнген пациент буындардағы ауырсынуды ұмытып, белсенді өмірге қайта оралды.