NewsHub.kz - Информационный хаб

Алматы облысында «Бастау Бизнес» түлектері өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

02 дек. 2021, 12:30
2 мин. чтения
1829
Алматы облысында «Бастау Бизнес» түлектері өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында «Бастау Бизнес» жобасы түлектері өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы ұйымдастырған жәрмеңкеге 22 кәсіпкер қатысып, киім-кешек, кәдесыйлар, тоқыма, зергерлік және кондитерлік өнімдер, бал, кептірілген жемістер, сүт, полиграфиялық өнімдер ұсынды.
«Бастау Бизнес» оқыту жобасы түлектерінің тауарлары мен қызметтерінің жәрмеңкесіне 360-тан астам адам келді. Кәсіпкерлер мен тұрғындар жобалармен танысып қана қоймай, өнімдерін сатып алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық орнатуы үшін В2В кездесулер ұйымдастырдық. Қатысушылар аталмыш жәрмеңке мен көрмелерді тұрақты негізде өткізу туралы ойларын жеткізді», – деді Ұйғыр аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мүслім Амангелді.
Жәрмеңкеге қатысушылардың бірі – Дария Мұқтариятқызы. «Бастау Бизнестің» арқасында кәсіпкер қымыз өндірісін жолға қойды. Бүгінде ол аудан ішінде түйе шаруашылығымен айналысатын жалғыз кәсіпкер. 
«Біздің шаруашылық ауылдың шетінде орналасқан. Бұл жер мал өсіруге ыңғайлы. Жоба бойынша оқудан кейін, түйе өсірумен айналысуды шештік, өйткені ауданда мұндай ірі шаруашылық жоқ. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 4 миллион алып, ол қаражатқа мал сатып алынды. Міне, бір жылдан бері шұбатты өткізіп келеміз. Қазіргі таңда біздің өнімді сатып алуға ауданның барлық өңірінен келеді», – деп атап өтті кәсіпкер.
Жәрмеңке барысында «Бастау Бизнес» түлегі Олжас Қанатов кәдесый өнімдерін дайындауға бірнеше тапсырыс алды. Олжас – бала кезінен 2-топтағы мүгедек. Анасының айтуынша, кәсіпкерлік негіздері оның дарынын ашып, армандарын жүзеге асырған. 
«Олжас нашар естиді және сөйлей алмайды, бірақ ол өте дарынды және әрдайым жеке кәсібімен айналысқысы келді. «Бастау Бизнес» жобасы баламды шабыттандырып, арманынын орындауға себеп болады. Биыл ол 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант жеңіп алып, бүгінде ағаштан түрлі бұйымдар, кәдесыйлар жасайды», – деді кәсіпкердің анасы.
     «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-тренері Дулат Сауытбековтың айтуынша, Ұйғыр ауданында бес жыл ішінде 1082 адам жобаның түлегі атанды, оның ішінде 511 адам 1 млрд теңгеге жуық сомаға жеңілдетілген несие мен гранттарға ие болды.
Жәрмеңкенің ашылу салтанатында аудан әкімі Шухрат Нұрахунов, аудандық мәслихат хатшысы Нұрақым Есжан, кәсіпкерлер, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

/category/news
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
06 октября
05 октября
04 октября