Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері шалғайда орналасқан аудан, қалалардағы медициналық ұйымдар қажетті құрал жабдықпен қамтылып, науқастың сұранысын қанағаттандыра бастады. Шардара аудандық орталық ауруханасында өңештің кеңейген тамырларын эндоскопия жолымен байлау отасы алғаш рет жасалды.
Шеберлік сабағын облыстың штаттан тыс бас эндоскопист дәрігері, облыстық клиникалық ауруханасының эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Нұркен Жакипов өткізді. Өңештің көк тамырларының кеңеюі бауыр циррозында жиі кездеседі. Оның негізгі асқынуы қан кетулер кезінде болады. Ақыр соңында өлім жітімге ұласып жататыны бар.
Аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімінде екінші рет жасалған операцияда сәтті өтті. Бұл өз кезегінде науқаста қан кетулер болуын алдын алды. Көп ұзамай науқас палатаға шығарылды. Операцияны аурухананың хирург, эндоскопист дәрігері О.Джаббаров жүргізді.
Аталмыш ота бұған дейін тек Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жасалатын еді. Бүгінде аудан, қала орталықтарындағы ауруханаларында да жасауға мүмкіндік бар. Бұл отаның көмегімен өңештен қан кетіп келген науқастарға тиімді медициналық көмек көрсетіледі және өлім жітім деңгейі төмендейді. Осындай сырқаты бар науқастарға жедел көрсеткіштері бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін қызмет көрсетіледі.