Будущее за цифрой: каждый пятый товар в Казахстане будут покупать онлайн

«AMANAT» штабының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы сайлаушылармен кездесті

22 февр. 2023, 11:15
2 мин. чтения
1253
«AMANAT» штабының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы сайлаушылармен кездесті
AMANAT

Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Қуат Байғоджаев, Дәулет Жарасбаев Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік ауылы тұрғындарымен кездесті.

Кандидаттар халық көп жүретін сауда үйлеріне барып, елді мекен тұрғындарына үгіт-насихат жүргізді. Басты мақсат – сайлауалды бағдарламаны таныстыру, ондағы өзгерістерді, жаңашылдықтарды насихаттау.

Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарлама – халықтың әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын көрсетуге, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, инфрақұрылым мен туризм, білім, медицина салаларын дамытуға бағытталған.

«Біздің бағдарлама 2027 жылға дейін жүзеге асады. Алдағы 5 жылда 175 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз. Орташа жалақы көлемі 400-мыңға жуықтайды. Халықтың кәсіп ашып, бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар беріледі. Ол үшін бюджеттен қаражат берілуін қамтамасыз етеміз. Алматы облысы аграрлы аймақ болғандықтан, бұл саланы дамытуғ баса көңіл бөлінеді. Әсіресе, қазіргі таңда өзекті болып отырған жайылым жер тапшылығы жойылады. «Жер Аманаты» партиялық жобасы аясында пайдаланылмаған бос алқаптарды қайтарып, ел игілігіне бермекпіз», − деді тұрғындармен жүздескен Қуат Байғоджаев.

Сонымен қатар, кандидат Дәулет Жарасбаев әсіресе бағдарламада ауылдарда тұратын 15 мың адамның жұмыс табуына жағдай жасалатыны айтылғанын тілге тиек етті.

«Халықтың денсаулығын жақсартуға да баса көңіл бөлмекпіз. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 74 жастан 76 жасқа дейін ұлғайтылады. Облыстағы медициналық мекемелердің тозуын 30пайызға дейін төмендетпекпіз. Алдағы жылдары 58 емхана жаңадан бой көтереді», - деді Дәулет Жарасбаев.

Жалпы, сауда орталығында өткен үгіт-насихат жұмыстары барысында кандидаттар көпшілікті алдағы сайлауда белсенді болуға шақырды. 19-наурыз күні өтетін саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндіріп, ел келешегі үшін дауыс беруге үгіттеді.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
17 июля