Пресс-релизы

Әрбір кәсіпкер өз құқығын білуі маңызды

Вчера, 11:46
2 мин. чтения
193
Әрбір кәсіпкер өз құқығын білуі маңызды
РПП области Жетісу

Ақпан айының 18 мен 20 аралығында Қаратал ауданының әр ауылында тұрғындарға «Мемлекеттік қолдау» шаралары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілгеғ болатын. Шараның басты мақсаты – ауыл кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер мен бағдарламаларды тиімді пайдалану туралы ақпарат беру. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерінің құқықтарының бұзылуы мен шешілмеген мәселелеріне де көңіл бөлініп, олардың оң шешілуіне ықпал ету..

9e43c0bf-f363-4569-b128-758e36514c57.webp

Топ мүшесі Жетісу облысы Кәсіпкерлік Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлы:

- Бұл түсіндірме жұмыстары ауыл кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен жеңілдіктер туралы ақпаратты кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз үшін ауыл кәсіпкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау өте маңызды. Көп жағдайда кәсіпкерлер өз құқықтары бұзылғанын немесе мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолында қиындықтарға тап болатынын біле бермейді. Сондықтан менің мақсатым – тек қана ақпарат тарату ғана емес, кәсіпкерлердің шағымдарын тыңдап, оларды шешуге бағытталған нақты әрекеттер жасау», – деді.

Мержан Советханұлының айтуынша, бұл жұмыстар кәсіпкерлердің проблемаларына назар аударып, олардың шешілуіне нақты көмектесуді көздейді. Ол ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мүмкіндік бар екенін айтады, бірақ кәсіпкерлерге дұрыс бағыт-бағдар көрсету мен олардың құқықтық мәселелеріне уақытында жауап беру өте маңызды.

- Әрбір кәсіпкердің өз құқықтарын білуі, сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктерден толықтай хабардар болуы өте маңызды. Біз кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олардың өз бизнесін әрі қарай дамытуына жағдай жасауды мақсат еттік. Кәсіпкерлердің шағымдары мен мәселелеріне араласып, оларды тиісті мекемелермен бірге шешуге атсалысамыз», – деп тағы атап өтті Төлегенов Мержан.

Осылайша, Қаратал ауданында кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдау шараларын түсіндіру, сонымен қатар олардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүзеге асырылып, кәсіпкерліктің өркендеуіне өз үлесін қосуға тырысатыны анық.

9e43c0b4-d695-4594-9a39-dd943cf8084a.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
20 февраля
19 февраля