Конституционный суд объяснил, почему дети госслужащих имеют приоритет в детсадах

Ашық есік күнінде тұрғындар тегін тексеруден өтті

3 часа назад
2 мин. чтения
34
Ашық есік күнінде тұрғындар тегін тексеруден өтті
МӘМС

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында, «Атакент» Мақтарал аудандық және «Асықата» Жетісай аудандық ауруханаларында  тұрғындарға арналған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Ашық есік күні аясында аудан тұрғындарын невропатолог, эндокринолог, ЛОР-дәрігер, офтальмолог (окулист), эксперт дәрігері, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары қабылдады. Бұдан бөлек, маммография, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) жүргізіліп, дәрігерге дейінгі кабинетте азаматтардың қан қысымы мен қандағы қант деңгейі өлшенді.

Іс-шара барысында тұрғындарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, әлеуметтік әл-ауқаттың D және E санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналары 2026 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен төленетіні айтылды. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін де сақтандыру жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлеу көзделгені хабарланды.

Сонымен бірге, тұрғындарға МӘМС пакетіне диспансерлік есепте тұрған азаматтардың бірқатар созылмалы аурулары бойынша бақылау мен емдеу енгізілгені түсіндірілді. Бұл тізімге төмендегі ауру түрлері кіреді:

-қант диабеті;

-балалардың церебралды сал ауруы;

-дәнекер тіннің жүйелі аурулары;

-ревматизм;

-артериялық гипертония;

-жүректің ишемиялық ауруы және басқа да жүрек аурулары

(жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылыстары);

-төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары;

-бүйрек аурулары, оның ішінде гломерулярлық аурулар мен созылмалы бүйрек ауруы;

-ас қорыту жүйесінің аурулары;

-

a0dfbb52-a59c-4dc9-9f74-0c913c8c88db.webp

сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары.

Аталған диагноздары бар азаматтар амбулаториялық және стационарлық жағдайда барлық қажетті медициналық көмекті, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді және қымбат дәрілік препараттарды алу мүмкіндігіне ие болады.

Жалпы, енгізілген өзгерістер денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшуге, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Ашық есік күні тұрғындар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, көпшілік өз денсаулығына қатысты мамандардан кеңес алып, қажетті тексерулерден өтуге мүмкіндік алды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
17 января
16 января
15 января