МӘМС жүйесі енгізілгелі бері амбулаториялық қызметтер мен жоспарлы операцияларды күту уақыты едәуір қысқарды. Қымбат тұратын зерттеулер, КТ, МРТ, медициналық көрсетілімдері барлық азаматтарға қолжетімді болды. Осы ретте, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасында МӘМС аясында 200 мыңға жуық консультациалық - диагностикалық қызметтер көрсетілді.Оның ішінде, зертханалық талдаулар, УДЗ, ЭКГ, КТ, МРТ және стоматологиялық қызметтерде бар.
МӘМС жүйесі енгізілгелі ауыл медицинасын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Осы ретте, жылжымалы медициналық кешеннің жұмысын айтуға болады. 2021 жылдан бастап Жетісай аудандық «Асықата кент» тұрғындарына халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту және ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында МӘМС аясында жылжымалы медициналық кешен жұмыс атқарып келеді. Жыл басынан бері медициналық кешен барлық елді мекендерде тұрғындарды қабылдап, медициналық көмек көрсетті. Кешен рентген, ультрадыбыстық зерртеу, стоматологиялық және электрокардиографиялық, көз қысымын өлшеуге қажетті диагностикалық аппараттармен жабдықталған. Ал, терапевт, гинеколог, хирург, стоматолог, ультрадыбыстық дәрігер, окулист, оторолоринголог сияқты білікті мамандар тобы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына сапалы медициналық көмек пен кеңес береді. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына ультрадыбыстық, флюорография, ЭКГ сияқты зерттеулерді Асықата аурухана орталығына бармай-ақ жүргізуге болады.
Жалпы практика дәрігерінің кабинетінде пациент тексеріледі, қан айналымы, тыныс алу, эндокриндік, ас қорыту жүйесі ауруларына ем тағайындалады, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Ал созылмалы инфекциялық емес аурулары бар динамикалық бақылаудағы адамдарға медициналық кешеннің зертханалық диагностикалық ресурстарын пайдалана отырып білікті медициналық көмек көрсетіледі.
Жалпы, жылжымалы медициналық көмектің қызметіне 30 мыңға жуық тұрғын жүгінген. Айта кетерлігі, жылжымалы медициналық кешенде тексеруден өту үшін дәрігердің жолдамасы қажет емес. Бұл кешенде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және сақтандырылған азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін көрсетіледі.
Жылжымалы медициналық кешенде тексеруден өту үшін дәрігердің жолдамасы қажет емес. Бұл кешенде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және сақтандырылған азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін көрсетіледі.
Сонымен қатар, науқастар 40 мыңға жуық стаматологиялық көмек, жеті мыңнан астам реабилитациялық қызметтерге қол жеткізді.
Жүйенің шеңберінде науқастарға көрсетілетін қызметтердің артуына байланысты аурухана құрамы 10 дәрігер және 30 орта буын жас мамандармен толықты. Науқастардың сұраныстарының артуының нәтижесінде құрал жабдықпен қамту шаралары да ойдағыдай жүргізіліп келеді.
Б.Өтеулиева, «Асықата» Жетісай
аудандық ауруханасының бас дәрігері