В Ватикане кардинала впервые приговорили к тюрьме

Ауруханада эндоскопия кабинетінің қызметі артты

11 февр. 2024, 11:37
2 мин. чтения
716
Ауруханада эндоскопия кабинетінің қызметі артты
МӘМС

Эндоскопия – бұл ішкі ағзаларды арнайы құрал – эндоскоппен зерттеу әдісі. Жыл сайын Түркістан қалалық орталық ауруханасында науқастарға 1000-нан астам эндоскопиялық процедуралар жүргізіледі. Бұл кабинетте диагноз қоюға арналған зерттеулер, елімізде сирек зерттелетін асқазан – ішек жолдары ауруларын емдеу қызметтері көрсетіледі. Яғни, жарықішілік диагностикалық және ота қызметтерінің жаңа емдеу тәсілдерінің барлық спектрі орындалады. Түркістан қаласындағы мамандары эзофагогастродуоденоскопия (өңешті, асқазанды және он екі елі ішекті тексеру), бейнеколоноскопия (тоқ ішекті тексеру) және бронхоскопия жоғары және төменгі тыныс жолдарын тексеретін жалғыз медициналық мекеме – Түркістан қалалық орталық ауруханасы.

Эндоскопист дәрігерлер ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарының ісіктермен бітелуі немесе тыртықты тарылу кезінде стенттеуді және баллонды кеңейтуді, полипэктомияны (полиптерді алып тастау), беткейлік ісіктері бар шырышты қабықтың резекциясын (алып тастауды), өңештегі көк тамырларды байлау оталарын, асқазан және ішек жолдарынан қан кеткенде клипс орнату және инъектор арқылы гемостатикалық дәрілерді енгізу арқылы қан тоқтату, бөгде заттарды алу әдістерін кеңінен қолданады. Сонымен қатар, өт жолдарының патологиясын тексеру және емдеу шаралары жүргізіледі. Мысалы, ретроградтық холангиография (өт жолдарының рентгенографиясы), папиллосфинктеротомия - үлкен дуаденальды папилланың үстінен өту, литоэкстракция - арнайы құралмен  осы жолдардағы тастарды алып тастау арқылы өт ағынын қамтамасыз ететін оталарды орындайды.

Эндоскопиялық қызметтердің оңтайлы жағы – аз инвазивті, кесілмейді және пациенттердің ауруханаға жату қажеттілігі жоқ, нәтижесінде пациенттерде оңалту кезеңі ұзаққа созылмайды. Бұл процедуралардың шамамен 90% стационарда амбулаторлы негізде жасалады.

Аталған қызметтерді кез – келген сақтандырылған азамат МӘМС шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек бағдарламасы бойынша және тіркелген емханасы арқылы жоспарлы жолдамамен аурухананың консультативті диагностикалық орталығында тегін немесе аурухананың прейскуранты бойынша ақылы алуына болады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

20 июня
19 июня