«Хабар Ретро»: Агенттіктің 30 жылдығына орай «ХАБАР» мұрағаттағы таңдаулы жобаларды жаңартылған сапада көрсетеді

Ауыл медицинасын қаржыландыру артты

04 дек. 2023, 06:46
4 мин. чтения
1142
Ауыл медицинасын қаржыландыру артты
МӘМС

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандардың бірі – Мақтарал. Ауданға қарасты «Атакент» Мырзакент аудандық ауруханасы тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Жалпы, МӘМС жүйесі енгізілген соң, ауылдардағы медицина ахуалы қаншалықты жақсарғаны жөнінде бас дәрігер Жұрымбетова Ұлжанат Серікбайқызымен сұхбаттасқан болатынбыз.

-Ұлжанат Серікбайқызы, МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін аурухана көрсеткен қызметті қаржыландыру артты ма?

-Әрине, МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін ауыл медицинасына жіті көңіл бөлінді. Мысалы, ауруханаға  МӘМС  бойынша жыл басынан бері 1,3 млрд  теңге бөлінген. Оның ішінде, ауыл тұрғындарын стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға, медициналық оңалтуға, жекелеген санаттарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке, антентальды бақылау қызметтеріне, профилактикалық қарап тексеруге, мектеп медицинасына қомақты қаржы қаралған.

Сала жұмысын қаржыландыруға байланысты, әрі науқастардың сұраныстары бойынша ауруханаға 2 жалпы тәжірибелі маман, 1 кардиолог-дәрігер, 1 рентгенолог– дәрігер, 1 стоматолог-дәрігер, 1 СӨС-дәрігер, 1 статист-дәрігер  жұмысқа қабылданды.

Сонымен қатар, есту функциясының обьективті аудиологиялық скринингі мен диагностикасының модульдік құрылғысымен толықты.

-Жалпы, ауруды алдын алуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға байланысты қандай жұмыстар жасалып жатыр?

- Атакент емханасында «Үздік практика» жобасы аясында пациентті қолдау қызметі іске қосылды, профилактикалық әлеуметтік психологиялық орталық қайта жандандырылды, ер және әйелді медициналық көріктен өткізетін бөлме жынысына қарай екіге бөлінді, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің жұмысын  жеңілдеті мақсатында  кейбір қызмет түрлері орта буынды мейірбикелерге жүктелді, мультидициплинарлық әмбебап бөлмесі талапқа сай құрал жабдықпен қамтылды, созылмалы аурулары бар науқастарды басқару бағдарламасы бойынша маман тағайындалды, ерлер денсаулығы бөлмесі іске қосылды, психолог және СӨС бөлмелері қайта жасақталды.

- КДК қызметін қалай алуға болады және қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда не істеуге болады?

-Пациентке кез келген консультациялық –дигностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттейді. Тиісті көрсетілімдер болса, дәрігер КТ, МРТ немесе басқа да зерттеулер жүргізуге жолдама жазады. Қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне ие болуы керек.

Егер пациент көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбаса, медициналық персонал тарапынан дөрекілікке, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты талап ету фактілеріне немесе басқа да проблемалық мәселелерге тап болса пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметіне көмекке жүгінуге болады.

-Шетелдіктерді емханаға тіркеу тәртібі жайлы білгіміз келеді...

- Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ерікті медициналық сақтандырумен, сондай-ақ жүктелген медициналық сақтандыру шартымен барулары керек. Жаңа ережелер 2023  жылдың 14 тамызында күшіне енді.

Еңбек заңнамасы және Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты емханаларға тіркелу ережелері мен иммигранттарға медициналық көмек көрсету ережелері өзгерді. Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер тек ЕАЭО-ға мүше елдердің (РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения) бірінің азаматтығы бар, ҚР-да уақытша тұратын шетелдіктерге – еңбек мигранттарына және олардың отбасы мүшелеріне (балалары мен жұбайларына) қатысты.

Жаңа қағидаларға сәйкес, бұл шетелдіктер емханаға алғашқы медициналық-санитариялық және шұғыл стационарлық көмекке ерікті медициналық шарт (ЕМС) немесе жүктелген медициналық сақтандыру шарты (ЖМС) негізінде тіркеледі. Кейін шарт жасасқан мерзімі өткен жағдайда медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады.

Емханаға тіркелу үшін оның басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжатты (немесе шетелдік паспортты), ЕМС немесе ЖМС шартын тапсырады. Олардың заңды өкілі өтініш берсе, отбасы мүшелерінің келісімі қоса берілуі керек. Өтініш беруші медициналық ұйымға өзі жүгіне алады немесе оны сақтандыру компаниясы жасайды. Тіркелуге болатын емханалардың тізімі шарттың қосымшасында (ЕМС немесе ЖМС) көрсетілуі тиіс.

Айта кету керек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелуге болады.

ЕАЭО шартында шетелдіктердің денсаулық сақтау саласындағы құқығы ғана емес, міндеттері де жазылған. Олардың қатарына ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық скринингтерден уақтылы өту, әйелдерді жүктілік бойынша уақтылы есепке қою (12 аптаға дейін), созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды динамикалық байқау және т.б. кіреді. Сондай-ақ, Қазақстанда уақытша тұратын шетелдіктер айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, республикада тұрақты тұратындарға ғана көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек ала алмайды.

ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін емханаға тіркелу тәртібі өзгеріссіз қалды.

-Уақыт бөліп, сұхбат бергендеріңізге рахмет!

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

22 мая
21 мая