«Әділ сөз» выступил с заявлением в связи с кибератаками на Orda.kz

Ауыл тұрғыны МӘМС есебінен емделді

06 нояб. 2023, 09:38
2 мин. чтения
1364
Ауыл тұрғыны МӘМС есебінен емделді
МӘМС

Барлық сақтандырылған азаматтар төлеген жарна мөлшеріне қарамастан МӘМС тізіміне кіретін медициналық көмектің қажетті көлеміне алуға құқылы.Осы ретте, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына тіркелген науқастың ем-шара қабылдап, қанағаттанғаны жөнінде дәрігерлерге ризашылығын білдірген материалды ұсынамыз.

Ауыл тұрғындары медициналық көмек алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге барады. Жалпы, елдімекенде дәрігерлік амбулатория немесе медициналық пункттер бар. Ең алдымен пациент денсаулығына байланысты учаскелік дәрігерге жүгінеді. Дәрігер оның жағдайын бақылап, ем тағайындайды немесе бейінді маманның кеңесін алуға аудандық ауруханаға жолдама береді. Шұғыл жағдайда тұрғынды ауруханаға жедел жәрдеммен тиісті медициналық ұйымға жібереді.

Қандай да бір бейінді маман немесе қажетті диагностикалық қызмет болмаған жағдайда пациентті қалаға, ауруханамен бірлесіп орындау шарты бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымға жібереді. Сондай-ақ, азаматтар Қордың деректер базасында тұратын және МӘМС бойынша көрсетілетін керек қызметтерді, клиниканы өздігінен таңдай алады.

          Бұл ретте оған шарттың жоқтығына сілтеме жасай отырып, жолдама беруден бас тартуға құқығы жоқ. Себебі шарт жазбаша жолдама мен көрсетілген қызмет негізінде автоматты түрде толтырылады.

Жалпы, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында ультрадыбыстық және рентгендік жабдықтармен толық жабдықталған, толыққанды зертханалар жұмыс істейді. Аурухана КТ және МРТ аппараттары бойынша ауыл тұрғындарын бірлесіп орындаушы мекемелерге жолдадамен тағайындайды. Пациент жолдама алған соң, МӘМС аясында диагностикадан өтуге алдын ала жазылады.

Науқас Ж.Досқұлова сырқатына байланысты учаскелік дәрігер Самат Усенұлының қабылдауында болып,  күндізгі стационарында бүйектің суықтауына байланысты ем-шара тағайындалған. Пациенттің жұмыс берушісі МӘМС бойынша айлық табысынан екі пайыз жарна және үш пайыз аударымды тұрақты жасағандықтан, мәртебесі сақтандырылған. Ем-шараға қатысты талдамалардан өтіп, көмекті дер кезінде алды.

-МӘМС жүйесі енгізілгелі ауыл медицинасына көңіл бөлініп, денсаулықты жақсартуға жағдай жасалғаның сезіп жатырмыз. Қазығұрт ауданының тұрғынымын. Өткен жылы бронхит асқынып, ем алған едім. Биыл бүйректі суықтатып алып, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының Аяжан филиалында дәрігер Самат Усенұлының кеңесімен күндізгі стационарда тиісті ем-шараларды қабылдап, денсаулығымды қалпына келтірдім. Жанға дауа беретін, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын білікті мамандарымыз аман болсын. Қаншама адамға мүмкіндік берген МӘМС жүйесінің маңызы артып, халық игіліне жаратыла берсін – деген жүрекжарды лебізін білдірді пациент.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
11 мая
10 мая
09 мая
08 мая