Новые требования к выдаче микрокредитов установят в Казахстане

Бала денсаулығын қорғау: Қазақстан болашағына қамқорлық

30 окт., 10:03
2 мин. чтения
116
Бала денсаулығын қорғау: Қазақстан болашағына қамқорлық
МӘМС

Қазақстан – шамамен 7 миллион бала өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекет. Бұл – еліміздің болашағы үшін орасан зор әлеует. Мемлекет өзінің кішкентай азаматтарына медициналық көмектің толық тізбесін пайдалануға кепілдік береді.

a320d301-c23f-475a-896e-abd5f47faa55.webp

Медициналық көмек балаға барлық кезеңдерде: дүниеге келер алдындағы тексерулерден бастап, өмірінің алғашқы күндеріндегі бақылау, профилактика, диагностика, емдеу мен қалпына келтіру кезеңдеріне дейін ұсынылады. Бұл жұмысқа емханалардың, перинаталды орталықтардың, балалар ауруханасы мен мамандандырылған клиника дәрігерлері мен мейірбикелері қатысады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметіне сай, балаларға ең жиі көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің алғашқы 3 қатарына мыналар кіреді:

- аппендэктомия отасы - 11,6 мың жағдай;

- жарақат кезіндегі көмек, оның ішінде жара, күйікті хирургиялық өңдеу, әртүрлі сынықтарды бекіту - 11 мың жағдай;

- ЛОР-көмегі - 4,2 мың ота.

a320d2cf-b1e2-4283-88e8-14aab12c15b8.webp

Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру есебінен жүргізілетін күрделі және бірегей ем түрлері де қолжетімді. Оларға жүрек пен бауыр трансплантациясы, дің жасушаларын трансплантациялау, дәрі-дәрмекке төтеп бере алмайтын эпилепсия кезінде кезбе жүйкені ынталандыру, электромагниттік есту аппаратын имплантациялау, сондай-ақ жүрек пен жүрек қабығына диагностикалық процедуралар жатады. 2026 жылдың тоғыз айында көмектің бұл түріне қазақстандықтардың жарналарынан 3,3 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды.

Мысалы, бір жүрек трансплантациясы, үш бауыр трансплантациясы, 36 дің жасушасын трансплантациялау, кезбе жүйкені ынталандыру - 52 араласу және есту аппаратын имплантациялап емдеудің 254 жағдайы жүзеге асырылды. Мұндай көмектің орташа құны 8 миллионнан 31 миллион теңгеге дейін жетеді.

a320d2eb-aa72-4660-9ff0-95011525c735.webp

Бұдан басқа, балаларды сақтандыру пакетіне жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек кіреді. Ал жақ-бет аймағында туа біткен патологиялары бар балаларға, сондай-ақ тіс-жақ аномалиялары бар 6 мен 12 жас аралығындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ортодонтиялық көмек, оның ішінде тіс-жақ бұзылыстарын түзетуге арналған алмалы-салмалы пластинкаларды қолдану жасалады.

a320d329-2c38-4d4f-b318-90c9d1758fbc.webp

Республика күні қарсаңында еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа жасалатын қамқорлық пен мүмкіндіктерден басталатынын ұмытпағанымыз жөн. Уақтылы көрсетілген сапалы медициналық көмек балалардың салауатты өсіп, білім алуына, өз таланттарын ашып, армандарын жүзеге асыруына жол ашады. Жас буынның денсаулығын қорғау — әрбір отбасының әл-ауқатын және тұтас мемлекеттің қуатын нығайтудың негізі.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
31 октября
30 октября
29 октября