Түркістан облысының балалар кардиохирургиясы дамуының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған тәжірибе алмасу барысында облыстық балалар ауруханасында 13 күндік нәрестенің критикалық туа біткен жүрек ақауын жасанды қан айналымы жағдайында түбегейлі түзету бойынша кардиохирургиялық сирек ота жасалды. Отаға бас балалар кардиохирургі, «University Medical Center» корпоративтік қоры балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбуновтың қатысты.
Жалпы, облыстық балалар ауруханасында 10 жылда балалардың туа біткен жүрек ақауларына 3020 ота жасалды. Ал, ағымдағы жылдың 9 айында 108 ота жасалған. Өңірдегі кардиохирургия саласы қарқынды дамып келеді. Түркістан облыстық балалар ауруханасында туа біткен жүрек кемістігі бар балаларды тасымалдаудың жол картасы әзірленіп, дәрігерлердің Қызылорда мен Тараздан жүрек кемістігі бар нәрестені санавиация бортымен тасымалдау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ауруханада кардиореанимация бөлімшесі ашылып, онда жаңа туған нәрестелерді күрделі және ұзақ ашық жүрекке операциясынан кейін күтім ем-шараларды жасауға жағдай қарастырылған. Айтулы мүмкіндіктер МӘМС жүйесі енгізілген соң, кез-келген науқасқа қолжетімді болды.
Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасында білікті мамандар жүрегінде ақауы бар балаларға диагностикалық тексерулер жүргізіп, консультация берді.