«Астана Тазалық» қызметкерлерінің балалары арасында өткен байқау өз мәресіне жетті.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Астана Тазалық» ЖШС ауласында әдеттегіден өзгеше көңіл-күй сезілді. Балалардың күлкісі, түрлі түсті қарындаштармен салынған суреттер көрмесі, мақтанышқа толы ата-аналар… Бұл – мекеме қызметкерлерінің балалары арасында ұйымдастырылған сурет байқауының қорытынды шарасы өтуде.
Байқау мамыр айының басында жарияланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – балаларды тазалық пен экологиялық мәдениетке баулу.
«Біз әрқашан еңбектің артында отбасы, бала-шаға тұрғанын жақсы түсінеміз. Осы байқау арқылы балаларға назар аударып, олардың шығармашылығын дамытқымыз келді», – дейді кәсіподақ төрайымы Сымбат Какимова.
Байқауға 100-ден астам бала қатысып, 200-ден аса сурет келіп түскен. Әрбір жұмыс – автордыңтазалық, қоршаған ортаны қорғау туралы түсінігінентуған шынайы шығарма.
«Менің суретімде Астана тап-таза. Көшеде қоқысжоқ, бәрі тәртіппен жүр. Тазалық сақшылары өзжұмыстарын атқаруда. Мен болашақта да қаламыздың таза болғанын қалаймын», – дейді бас жүлде иегері, Ғабдуали Алимансур.
Жеңімпаздарға арналған сыйлықтар да лайықтыболды. Бас жүлде — iPhone смартфонын иеленсе, басқа да жүлдегерлерге ойын консолі, велосипед және оқу құралдары тарту етілді.
Ата-аналар бұл бастаманы үлкен ризашылықпенқабылдады. Олардың пікірінше, мұндай шараларбалалардың шығармашылық қабілетін ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігін де арттырады.
«Ұлым қоқыс жайлы ойланып сурет салыпжатқанына алғашында таңғалдым. Енді өзі көшедебөтелке көрсем, көтеріп қоқыс жәшігіне тастайықдейді», – дейді қатысушының анасы.
Ұйымдастырушылар бұл байқауды дәстүргеайналдыруды көздеп отыр. Себебі тазалық тек ересектердің емес, балалардың да көзқарасынанбасталатынына тағы бір мәрте көз жетті.
Балаларға базарлық мұнымен аяқталған жоқ. Бүгін «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерініңбалалары Play Ville ойын-сауық орталығынасаяхаттады. 200-ден астам бүлдіршін мерекенітойлап қана қоймай, жаңа достар тапты.