ОПЕК+ согласовала увеличение добычи нефти в сентябре

«Біздің басты қағидамыз – әрбір пациенттің сенімін сақтау» - дейді, Алима Батырқызы

Вчера, 08:20
3 мин. чтения
133
«Біздің басты қағидамыз – әрбір пациенттің сенімін сақтау»  - дейді, Алима Батырқызы
МӘМС

Өңірдегі медицинада жеке меншік ұйымдардың үлесі және ондағы жасалып жатқан жұмыс барысы бойынша «Рауан» клиникасының басшысы Алима Аязбековамен сұхбаттасқан едік.

 

– Сіздің клиникаңыздың басты ұстанымы мен пациенттерге деген көзқарасы қандай?

– «Рауан» клиникасының басты ұстанымы — әрбір пациенттің денсаулығына өз отбасымыздың мүшесіндей қарау.

Біздің ең басты құндылығымыз – адамның саулығы мен сенімі. Әр науқасқа жеке көңіл бөлініп, қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету – негізгі мақсатымыз. Пациент клиника есігінен кірген сәттен бастап өзін қауіпсіз әрі қамқор ортада сезінуі үшін бар жағдай жасаймыз.

 

– МӘМС жүйесі аясында тұрғындарға қандай қызмет түрлері көрсетіледі?

– Клиникамыз МӘМС жүйесіне қатысушы ретінде тұрғындарға бірқатар тегін қызмет көрсетеді. Олардың қатарында:

• Жалпы тәжірибелік дәрігер мен бейінді мамандардың қабылдауы;

• Медбикелік көмек пен профилактикалық тексерулер;

• Лабораториялық зерттеулер мен скринингтік тексерістер;

• Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау;

• Балалар мен жүкті әйелдерге патронаж қызметі бар.

Біздің мақсат – тұрғындарға медициналық көмекті барынша жақындату және сапасын арттыру.

 

– Азаматтар үшін жеке меншік клиникалардың МӘМС жүйесіне қатысуының қандай артықшылықтары бар деп ойлайсыз?

– Бұл – халық үшін үлкен мүмкіндік. Себебі азаматтар жеке клиника деңгейіндегі жоғары сапалы қызметті МӘМС есебінен тегін ала алады.

Артықшылықтары айқын:

• Кезек күту уақыты қысқарады;

• Қызмет көрсету мәдениеті жоғары деңгейде сақталады;

• Заманауи жабдықтар мен технологиялар қолданылады;

• Пациенттің жайлылығы мен уақыт тиімділігі қамтамасыз етіледі.

a0120ffd-9c5a-4f41-8fbf-9c3ad8a16d97.webp

 

– Сақтандырылған және сақтандырылмаған пациенттермен жұмыс жүргізу барысында қандай тәжірибе қалыптасты?

– Сақтандырылған азаматтарға МӘМС аясындағы барлық қызмет толық көлемде көрсетіледі.

Ал сақтандырылмаған адамдарға да есігіміз ашық. Біз олардан бас тартпаймыз – тегін алғашқы кеңес беріп, сақтандыру жүйесіне қосылу жолдарын түсіндіреміз. Бұл бағытта тұрғындардың медициналық сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлеміз.

 

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында жеке медицинаны дамыту, халыққа сапалы қызмет көрсету, цифрландыру және кадр тапшылығын шешу мәселелеріне назар аударды. Осы бағыттар бойынша клиникаңызда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Иә, Президент Жолдауында айтылған бағыттар – біздің күн тәртібімізде.

Қазіргі таңда:

• Электронды тіркеу және электрондық медициналық карталар жүйесін енгіздік;

• Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуына мүмкіндік беріп отырмыз;

• Заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықтау кезең-кезеңмен жүзеге асуда.

Жақында клиникамызға соңғы үлгідегі FibroScan аппараты орнатылды. Бұл құрылғы бауырдың зақымдану деңгейін бағалап, гепатит пен цирроздың даму динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бауырдағы онкологиялық өзгерістерді ерте анықтауға көмектеседі.

Бұдан бөлек, гастроэнтеролог маманы күн сайын 8 сағаттық қабылдау жүргізіп, тұрғындарға кешенді көмек көрсетіп отыр.

 

– Сіздің ойыңызша, мемлекеттік және жеке сектор арасындағы серіктестік денсаулық сақтау жүйесін қалай жақсартады?

– Бұл серіктестік — саланың болашағы. Мемлекет пен жеке клиникалар бір бағытта жұмыс істесе, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы да, қолжетімділігі де артады.

Мемлекеттік қолдау жеке сектордың дамуына жол ашады, ал жеке клиникалар өз кезегінде жүйеге жаңа стандарт пен бәсекелестік әкеледі. Бұл – нәтижесінде бүкіл елдің денсаулық деңгейін көтеретін тиімді модель.

 

– Медициналық қызмет сапасын бақылау мен ішкі аудит қалай жүзеге асады?

– Бізде сапаны бақылау тұрақты жүргізіледі.

• Пациенттердің пікірлері мен ұсыныстары үнемі талданып, ескеріліп отырады;

• Апталық ішкі аудит пен сапа мониторингі өткізіледі;

• Медициналық хаттамалардың орындалуы, құжаттардың дұрыстығы және қызметкерлердің кәсіби этикасы үнемі қадағаланады.

Бұл жүйе біздің қызмет сапасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

a0120fe4-0804-4eee-bccf-37e915d215b6.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера