Амнистия и УДО не применимы: прокуратура о приговоре Жаксылыку Омару

Қор мен Қ.А.Ясауи университеті МӘМС бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді

Сегодня, 11:20
2 мин. чтения
102
Қор мен Қ.А.Ясауи университеті МӘМС бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді
МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті МӘМС мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат тәжірибе және жалпыға қолжетімді ақпарат алмасуды, жұмыс кездесулерін, дөңгелек үстелдер, семинарлар, вебинарлар мен қонақ дәрістер өткізуді, сондай-ақ өзге де ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыруды көздейді.

a3370efb-e15f-4dbd-9425-1f421321ee56.webp

Ынтымақтастық аясында Қор мамандары білім алушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, болашақ медицина қызметкерлерінің МӘМС жүйесінің жұмыс қағидаттары, медициналық көмек алу тәртібі және Қормен байланыс арналары туралы білімін арттыруға атсалысады.

Меморандум аясындағы алғашқы кездесулердің бірінде Қор филиалының мамандары университет студенттеріне МӘМС жүйесінің маңызы, оған қатысу тәртібі, студенттердің сақтандырылған мәртебесін алу жолдары және медициналық көмекті уақытылы алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

a3370f28-6be9-42ed-be9d-4e050cc3164a.webp

Қор филиалының бас сарапшысы Ислам Боранбекұлы студенттердің сақтандыру мәртебесіне қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті.

— Қазақстанда оқитын шетелдік студенттер Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты болған жағдайда жеңілдік санатына жатқызылады. Олардың МӘМС жүйесіндегі құқықтары мен міндеттері заңнамаға сәйкес айқындалады.

Студенттің сақтандырылған мәртебесі болмаса, ең алдымен оқу орнына жүгініп, оның мәліметтері ақпараттық жүйелерге дұрыс енгізілгенін тексеруі қажет. Студенттер туралы деректер Қорға осы жүйелер арқылы түседі.

— Мәліметтерді нақтылау кезеңінде Қор студентке бір айға уақытша сақтандырылған мәртебе бере алады. Ол үшін Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы өтінім қалдырып, оқу орнынан алынған анықтаманы тіркеу қажет, — деді Ислам Боранбекұлы.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
11 ноября