Объем взаимной торговли в рамках ЕАЭС достиг 73 млрд долларов

Жетісу облысында бұрын сотталған ер адамнан екі мылтық пен винтовка тәркіленді

28 сәу 2023, 18:58
1 mins read
931
Жетісу облысында бұрын сотталған ер адамнан екі мылтық пен винтовка тәркіленді

Бұл факт Ақсу ауданында тіркелді, онда жергілікті полицейлер «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасының барысында шалғайдағы шаруа қожалығын тексерді. 48 жастағы ферма иесінен заңсыз сақталған үш қару табылып, тәркіленді.  

 

«Ер адам көрші ауданда тіркелген және есептік деректерге сәйкес бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның шаруа қожалығының аумағындағы тұрғын үй құрылыстарының бірінен 5,6 мм калибрлі ТОЗ винтовкасы, сондай-ақ  20 және 12 калибрлі, бірі қосауыз мылтық және екіншісі бір ұңғылы, екі мылтық табылды. Қару тәркіленіп, баллистикалық сараптама тағайындалды», - деді Ақсу ауданының полиция бөлімінің бастығы Ернар Ширбаев.

 

Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес (Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) жүргізіледі.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
24 сәуір