Годовая инфляция в РК достигла 21,3%

Дәрігерлер сирек кездесетін патологиядан нәрестені айықтырды

06 мар. 2024, 11:32
1 мин. чтения
984
Дәрігерлер сирек кездесетін патологиядан нәрестені айықтырды
МӘМС

Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургтар сирек кездесетін өкпенің идиопатикалық кальцинозы бар 3 айлық пациентке ота жасады. Бұл патология жаңа туған кезеңде өте сирек кездеседі. МӘМС жүйесінің тиімділігі нәрестелерге қайта өмір сыйлап, ризашылыққа ие болып жатыр.

          Пациент шұғыл түрде Түркістан қаласынан   хирургия бөлімшесіне оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туа біткен өкпеден тыс секвестрациясымен келіп түсті. Сәбиде туылғаннан демігу түріндегі тыныс алудың бұзылуы байқалған.  МРТ-да оң өкпенің жоғарғы бөлігіндегі және сол өкпенің түбіріндегі кальцинат бөліктері анықталды. Операцияға дейінгі дайындықтан кейін оң өкпедегі кальцинаттың үлкен мөлшерін ескере отырып, оң жақтағы бүйірлік торакотомия, жоғарғы бөліктің зақымданған бөлігін алып тасталды.

Отада хирург Сұлтанғали Маутайұлы, ассистент Мұқағали Темірбеков, анестезиолог Қанат Байымбетов және медбике Жүніс Қымбат қалтқысыз қызмет етті.

Операциядан кейін кішкентай науқас қарқынды терапия бөлімшесінде болып, үшінші тәулікте жалпы палатаға ауыстырылды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
06 июля
05 июля
04 июля