А.ж. 14 сәуір күні Департамент басшысы Қ. Манап және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филилалының директоры Б. Злобин Ескелді ауданы мен Текелі қаласына іссапармен барды.
Іссапар барысында жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізіп, департамент басшысы тарапынан мемлекеттік қызмет саласында орын алып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оның ішінде конкурстан тыс тағайындаулар, мемлекеттік қызметке іріктеудің және мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың жаңа жүйесі, үстеме жұмыс, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша тоқталды.
Қобылан Манап ауылдық жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында енгізілген жаңа өзгерістің тиімділігін атап өтті.
Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырыс аясында оқыған және өзінің жоғары үлгерімін көрсеткен (GPA) қазақстандық жоғары оқу орындарының үздік түлектері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және оның ведомствосының облыстың ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) басшы лауазымнан басқа мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс орналаса алатынын жеткізді.
Яғни, бұл дегеніміз білікті жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.
Өз кезегінде, Б. Злобин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу шарттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізуде бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Іссапар соңында департамент басшысы жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығымен және Сервистік әкімдіктеріне барып, олардың жұмыс барысымен танысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter