Дожди ожидаются в ближайшие трое суток в ряде регионов Казахстана

Түркістанда заманауи технологиямен ми ісігі алып тасталды

Yesterday, 05:51
1 mins read
111
Түркістанда заманауи технологиямен ми ісігі алып тасталды
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирургтері мидың оң жақ маңдай-төбе бөлігіндегі ісікті алып тастау бойынша күрделі жоғары технологиялық отаны сәтті орындады. Медициналық көмек пациентке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілді.

Ота барысында интраоперациялық нейромониторинг қолданылды. Бұл — операция кезінде жүйке жүйесінің қызметін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін заманауи технология.

Аталған әдіс хирургиялық араласудың қауіпсіздігін арттырып, мидың қимыл-қозғалыс, сезімталдық және басқа да маңызды қызметтеріне жауап беретін аймақтарын зақымдау қаупін төмендетеді. Сонымен қатар ісікті барынша толық алып тастауға мүмкіндік береді.

Дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, операциялық топтың үйлесімді жұмысы және заманауи медициналық технологияларды қолдану нәтижесінде күрделі ота сәтті аяқталды.

Операцияны нейрохирургтер Сапарғали Бейсенбекұлы, Абылайхан Нұрғалиұлы және Дәулет Сүйіндікұлы жасады. Ота кезінде нейрофизиологиялық бақылауды Ботагөз Болатқызы жүргізді.

МӘМС жүйесі сақтандырылған азаматтарға жоғары технологиялық және құны қымбат медициналық көмекті медициналық көрсетілімдер бойынша алуға мүмкіндік береді. Осындай заманауи емдеу әдістерінің өңірде қолданылуы тұрғындарға күрделі медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға жағдай жасайды.

Анықтама: МӘМС жүйесіндегі мәртебені eGov.kz порталы, медициналық сақтандыру қорының ресми сайты msqory.kz, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
23 тамыз
22 тамыз
21 тамыз