Депутат потребовал остановить строительство коттеджей в предгорьях Алматы

Эпилепсиямен ауыратын жасөспірімге ота жасалды

07 апр. 2025, 13:12
1 мин. чтения
1716
Эпилепсиямен ауыратын жасөспірімге ота жасалды
МӘМС

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері эпилепсияға шалдыққан 14 жастағы науқасқа МӘМС есебінен  ота жасады. Мұндай ота түрлі өңірде алғаш рет жасалып, және сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты.

Күрделі операцияны жасау үшін аурухана базасында ҚР балалар нейрохирургтары қоғамының президенті, №2 Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігері Азамат Жайылғанов тәжірибесін өңір дәрігерлерімен бөлісті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, соңғы уақытта жасөспірімге дәрі-дәрмек әсер етпей, денсаулық жағдайы нашарлаған. Пациенттің жағдайы ескеріліп, нәтижесінде ота жасалды.

Ота кезінде дәрігерлер науқасқа хирургиялық жолмен жүйке жүйесіне стимулятор орнатқан. Бұл оның денсаулығын түзеп, эпилеписиялық талманың ауырлығын жеңілдетіп, жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.

Отадан кейін науқастың талмасы азайып, денсаулығы жақсарған. Бүгінде жасөспірім неврапотолог дәрігерлерінің бақылауына алынды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Последние новости

23 февраля
22 февраля
21 февраля
20 февраля