12-ақпан күні сағат 07:55-те жедел диспетчерлік қызметке Омбы-Майқапшағай тас жолының бойындағы Зайсан айналма жолының маңында газ иісінің шығып жатқаны туралы қоңырау келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен газ қызметкері жерасты жоғары қысымды газ құбырынан газ шығып жатқанын анықтады. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде 9 елді мекен газдан ажыратылып, 1656 абонент жеке тұлға және 42 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Зайсан газ шаруашылығы, Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да ұйымдар қызметкерлерінің жедел жүргізген жұмысының нәтижесінде сол күні-ақ газ беру толығымен қалпына келтірілді.
Газ құбыры Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің еншісінде.