

36 жастағы Дамир Кушеевті ТЖД қызметкерлері іздеп тапты. Соңғы ақпарат бойынша оған медициналық көмек қажет емес.
Еске сала кетейік, 7 маусымда Tik-Tok парақшаларының бірінің әкімгері Жетісу өңіріндегі Текелі қаласына жақын жерде орналасқан Қора шатқалындағы Бұрхан бұлақ сарқырамасына велосипедпен барған болатын.
Кушеевпен телефон байланысқа шыға алмаған жұбайы Төтенше жағдайлар департаментіне көмек сұрап, өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті.
Дамир Кушеев Tik-Tok сайтында танымал, ол әртүрлі көрікті жерлерге велосипедпен серуендеген бейнежазбаларын жариялап отырады.