Тамара Дуйсенова назначена заместителем премьер-министра РК

Кәмелет жасына толмаған балаларын күтіп – бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттері үшін қамауға алынды

11 апр. 2023, 19:15
2 мин. чтения
1220
Кәмелет жасына толмаған балаларын күтіп – бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттері үшін қамауға алынды
NewsHub.kz

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша:
 
№5166-23-00-1/14 санды іс бойынша сотталушы М.Ш.-ға қатысты ҚК-і 385-бабының 1-бөлігімен және ҚК-і 139-бабымен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін, яғни кәмелет жасына толмаған балаларын күтіп – бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару және жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
 
Соттың анықтағаны
М.Ш.-ға Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2020 жылғы 12 тамыздағы №5144-20-00-2/818 сот бұйрығы негізінде өзінің кәмелет жастарына толмаған 2006 жылы 24 желтоқсанда туған А. есімді қызы, 2008 жылы 8 шілдеде туған М. есімді ұлы, 2012 жылы 14 сәуірде туған А. және 2014 жылы 25 қыркүйекте туған А. атты балалары кәмелет жасына толған уақытқа дейін өндіріп алушы Жетісай ауданы Сұлубұлақ ауыл тұрғыны А-ның пайдасына алимент төлеуден жалтарғанын, 2021 жылы 18 мамырда Жетісай-Асықата кентінің арасында жолаушыларды тасымалдайтын мемлекеттік белгісі нақты есінде жоқ автокөлік ішінен тауып алған «Ербол» шаруа қожалығына тиесілі дөңгелек мөрін қолдану арқылы сот бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының 2021 жылғы орташа жалақы көрсеткішінде көрсетілген 134 025 теңге айлық көрсеткішінің 1/2 бөлігін яғни, 67 012 теңге мөлшерін төлеуден бас тартып, егер шаруа қожалыққа жұмысшы ретінде тіркелсе 38 250 теңге айлық мөлшерінің 1/2 бөлігін демек, 19 125 теңге мөлшерінде ең аз айлық табыс көрсеткішпен алимент төлеу мақсатында өзі жоғарыда аталған «Ербол» шаруа қожалығында 2020 жылы 3 тамыздан бастап жұмысшы қызметіне қабылданғаны жөнінде жалған бұйрық және жалған келісім шарт құжатын, жалған 38 250 теңге айлық алатыны туралы айлық жалақы және табыс туралы анықтама құжаттарын қолдан жасап, оларды сот орындаушысына ұсынған.  
Сотталушының кінәсі сот сараптамаларының қорытындыларымен, жәбірленушінің жауаптарымен, қылмыстық іс бойынша басқа дәлелдемелермен және сотталушының кінәсін мойындаумен сәйкес келді.
Осыған байланысты сот сотталушыны кінәлі деп тапты.
         
Сот үкімімен
Сот сотталушы Ш-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
ҚК-і 385-бабының 1-бөлігімен 9 (тоғыз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Ш- Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленген. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
05 июля
04 июля