Дожди ожидаются лишь на западе и севере республики

МӘМС төлемдерін жүргізбегендерге кіріс комитеті хабарлама жолдады

Сегодня, 12:38
1 мин. чтения
68
МӘМС төлемдерін жүргізбегендерге кіріс комитеті хабарлама жолдады
МӘМС

Түркістан облысында МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту мәселелері бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев төрағалық етті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Тілектес өңірдегі тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту және медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдар туралы баяндады.

Жыл басынан бері облыста сақтандырылмағандар саны 27 мың адамға артқан. Негізгі себептер – жұмыс берушілердің жарналарды уақытылы төлемеуі, маусымдық және жеке кәсіпкерлердің жүйеден шығып қалуы, жеңілдік санатындағы тұлғалардың деректерінің жаңартылмауы.

Жобалық офистің тапсырмасына сәйкес, МӘМС жарналарын қамтамасыз ету алгоритмі енгізіліп, оны Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асыруда. Төлем жүргізбеген азаматтарға салық төлеуші кабинеті арқылы хабарлама жолданады. Егер 30 күн ішінде мәселе шешілмесе, жеке есепшоттар уақытша бұғатталады. Азамат кірістер басқармасына жүгініп, төлем мәселесін реттеген жағдайда, есепшот қайта ашылады.

2025 жылдың 9 айында өңір бойынша 921 шағым тіркелді. Тұрғындардың басым бөлігі медициналық көмектің сапасына және дәрі-дәрмекпен қамтылуға қатысты өтініш білдірген.

Қор филиалы медициналық ұйымдармен бірлесе отырып, МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және тұрғындардың сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасауға шақырды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня