19-летнего подозреваемого в выращивании конопли задержали в Карагандинской области

Сәби өмірін сақтап қалған ота

18 авг., 04:51
1 mins read
607
Сәби өмірін сақтап қалған ота
МӘМС

Арыс аудандық орталық ауруханасында ас қорыту жүйесінің туа біткен ақауы бар нәресте дүниеге келді. Ол өмірінің алғашқы сағаттарында-ақ облыстық балалар ауруханасының неонатальды жан сақтау бөліміне шұғыл түрде ауыстырылды.

Нәрестеге жан-жақты тексеру жүргізіліп, ота алды дайындықтан кейін өмірінің алғашқы тәулігінің соңында күрделі хирургиялық операция жасалды. Ота барысында аш ішектің ортаңғы бөлігінің туа біткен атрезиясы мен жатырішілік ішектің айналуы (заворот) анықталды.

Айта кету керек, бұл өте күрделі отаны Қазақстан Республикасының бас неонатальды хирургы А.А. Ерекешов пен Түркістан облысының бас неонатальды хирургы С.А. Турысбеков бірлесе жүргізіп, нәрестенің ішек жолдарын қалыпқа келтірді.

Қазіргі таңда сәбидің жағдайы мен өмірлік көрсеткіштері тұрақты. Ол неонатальды жан сақтау бөлімінде отадан кейінгі тиісті емін жалғастыруда.

Мұндай жоғары технологиялық және күрделі оталар, сондай-ақ нәрестені реанимациялық деңгейде емдеу шаралары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін әрі толық көлемде көрсетіледі.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
24 августа